Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиадада Бувайсар Сайтиевпен күрескен қазақстандық балуан көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Редактор
06.03.2025, 23:06

Даңқты балуанның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз

olympics.com

Афины Олимпиадасында еркін күрестен 74 келі салмақ дәрежесінде финалда ресейлік Бувайсар Сайтиевпен күрескен Қазақстан балуаны Геннадий Лалиев қайғылы қазада көз жасын тыя алмады.

Осетияда туып, Қазақстан еркін күрес құрамасының мүшесі болған Лалиев марқұм Сайтиевті жерлеу барысында қазаның ауыр болғанын атап, қолдан келер дәрмен жоқ екенін атады. Желіде жария болған бейнежазбада қазақстандық спортшының қазаны ауыр күйзеліспен қабылдағанын байқауға болады.

Геннадий Лалиев Қазақстан атынан үш рет Олимпиада ойындарында күрескен. Ол Сидней және Афиныда 74 келіде күрессе, Бейжіңде 84 келіде сынға түсті. Осетиядан келген легионер Афины Олимпиадасында табысты өнер көрсетіп, шешуші белдесуде Бувайсар Сайтиевке 6:0 есебімен жол берген.

Бувайсар Сайтиев биыл 2 наурызда Мәскеуде қайтыс болды. Оның денесі туған жері – Хасавюртте (Дағыстан) жер қойнауына тапсырылды. Айта кету керек, балуанның нақты неден қайтыс болғаны әлі күнге ресми айтылмай отыр.

Жарнама
Жарнама