Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Танымал балуан Бувайсер Сайтиевтің өліміне саяси көзқарасы себеп болуы мүмкін – дереккөз

07.03.2025, 09:39

Ресми органдар алдымен оның аурудан көз жұмғанын мәлімдесе, артынша терезеден құлап кеткенін айтқан

ТАСС

2 наурызда қайтыс болған даңқты балуан Бувайсар Сайтиевтің өліміне қатысты әлі де қауесеттер мен алып-қашпа әңгімелер көп айтылуда. Өйткені, өлімнің нақты себебі әлі белгісіз.

Бұған дейін Сайтиевтің ауыр дерттен көз жұмғаны айтылған болатын. Алайда, артынша ол үй терезесінен құлап кеткен деген нұсқа тарап кетті. Енді саяси көзқарасына байланысты қастандық жасалған деген болжам айтылып жатыр.

Сайтиев қайтыс болғанға дейін Шешенстан еркін күрес қауымдастығының басшысы қызметін атқарды. Ол бұрын Ресейдің мемлекеттік Думасында депутат болған. 2022 жылы Путин әскері Украинаға басқыншылық соғысын жүргізе бастағанда Сайтиев бұған қарсы шыққан көрінеді.

Соғыс басталған үш жылда Ресейде жұмбақ жағдайда терезеден құлап қайтыс болған шенеуніктер мен топ-менеджерлер саны көбейген. Бұл сәйкестік пе, әлде расымен де саяси астары бар ма – ол жағы белгісіз.

«Baza» телеграм-каналы Бувайсар Сайтиев өлімінен кейін оның терезеден құлағанын растайтын бірнеше адамның пікірін жариялады. Алдымен сол үйдің күзетшісі құлаған адамның денесін көріп, дереу жедел жәрдем шақырғанын айтса, тергеу кезінде марқұмның інісі де балуанның абайсызда үшінші қабаттан ауып кеткенін мәлімдепті.

Жарнама
Жарнама