Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хифуми Абэнің татамиге қашан оралатыны белгілі болды

07.03.2025, 11:09

Ол Парижден кейін әлі ешқандай жарысқа қатыспаған

Getty Images

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, дзюдодағы феномен Хифуми Абэ Жапонияның All Stars Japan турнирінде, одан кейін абсолютты салмақта Жапонияның чемпионатында бақ сынайтынын хабарлады.

Фукуокадағы All Stars турниріне әр салмақ дәрежесінде үздік 8 жапондық дзюдошы күш сынасады. Жарыс 5-6 сәуірде өтеді.

29 сәуір күні ең абсолютті, яғни ең ауыр салмақта Жапонияның чемпионаты өтеді. Онда барлық дзюдошы абсолютты салмақта күреседі.

Екі турнирде де Олимпиаданың қола жүлдегері Соичи Хашимото бағын сынап көрмекі. Санширо Мурао мен Таканори Нагасе осы турнирлерге қатысуды әлі де ойлап жүр. Ал, әлем және Олимпиада чемпионы Аарон Вольф әзірге күресуге ниет білдірген, бірақ нақты шешім қабылдамаған.

All Stars Japan турнирі Хифуми Абэнің Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы болмақ.

Жарнама
Жарнама