Ол төрт құрлық чемпионатында Денис Теннің жетістігін қайталаған
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровов Төрт құрлық чемпионатындағы жеңісінен соң стал ISU рейтингінде көш бастады.
20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы жаңартылған рейтингіде 2025 ұпай еншілеп, екінші орындағы италиялық Даниэль Грассиден 161 ұпайға алда келеді.
Бұл рейтинг 2024/25 маусымдағы үздік нәтижелер бойынша жасалады. Дегенмен негізгі әлемдік рейтингіде американдық Илья Малинин топ басында тұр. Алдағы Олимпиада ойындарындағы басты фаворит те сол. Бұл нұсқа бойынша Шайдоров 4-сатыға жайғасқан.
Естеріңізде болса, Михаил Шайдоров 22 ақпан күні Сеулде өткен Төрт құрлық біріншілігінде 285,1 ұпаймен жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталаған. Себебі бұған дейін тек Тен осындай көрсеткішке қол жеткізген еді.
Ал 2022 жылы Михаил жастар арасындағы әлем чемпионатында тарихи күміс медальді еншіледі.