Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абиба Әбужақынова 2025 жылғы алғашқы турнирінде алтын алды

07.03.2025, 21:35

Отандасымыз жапониялық Сачио Ёшиноны айқын басымдықпен жеңді

IJF

Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан әлемдік Гран При жарысында Қазақстанның үздік дзюдошысы Абиба Әбужақынова чемпион атанды. Абиба осымен Гран При турнирінде екі мәрте топ жарып отыр. Ол алғаш 2023 жылы Португалия Гран Приінде жеңімпаз атанған.

Абиба Линц татамиінде екінші айналымнан бастап жарыс жолына шықты. Алғашқы белдесуінде жапон қызы Мизука Хараданы иппонмен жеңді. Ширек финалда татами қожайыны Спрингер Жаклиннен шидо саны бойынша басым түсті. Жартылай финалда нидерландтық Амбер Херсьесті белдесуі аяқталуына аз уақыт қалғанда ваза ариге түсіріп, жеңіске жетті. Финалда 19 жастағы жапон қызы Сачио Ёшиноны сан соқтырып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Абибаның биылғы алғашқы жарысы. Соңғы рет ол 2024 жылы Абу Даби Гран Слэм турнирінде қола медаль алған.

Жарыс жолына Абибадан бөлек 4 дзюдошы шыққан. Барлығы жарысты ерте аяқтады. Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі) алғашқы айналымда аяқтады. Толғанай сербиялық Милиса Николичке шамасы жетпесе, Дана хорват қызы Дора Бортастан айласын асыра алмады.

60 келіде Талғат Орынбасар алғашқы белдесуінде швейцариялық Дэвид Гоштанды жеңген. Алайда екінші айналымда бразилиялық Аугусто Михаелден өте алмады.

66 келіде бақ сынаған Нұрмұхамет Ботабай алдымен неміс дзюдосы Ноэль Шмидті қапы қалдырса, екінші айналымда өзбекстандық Дильшодбек Баратовтан жеңілді.

Турнир 9-наурызға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: