Милад әлі керме жаттығуында финалда сынға түседі
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.300 балл жинады. Кеше ол іріктеуді 1-орынмен аяқтаған (13.833 ұпай).
Бұл бағдарламада Егор Шеремков (Беларусь) топ жарса, Назар Черепный (Украина) үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, Милад осыған дейін Германияның Котбус қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде еркін жаттығуда алтын медаль жеңіп алған.
Алда Милад әлі керме жаттығуында финалда сынға түседі. Одан бөлек Ұлттық құрама сапындағы Зейнолла Ыдрысов (тұтқалы ат снарядында), Дмитрий Патанин Ильяс Азизов (қос сырықта) жүлдеге таласады.