Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман жазды
Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қызметкерді ерлікпен құтқарып Мұса Әбдірайымға кәсіпқой бокстағы басты төрт ұйымның бірі құрмет көрсетті. Нақтырағы, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ер адамды бейбітшілік елшісі етіп тағайындады.
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Маурисио Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетіне жоғары бағасын берген. Одан қалды жерлесімізді ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп атады.
«Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр», - деді ұйым басшысы.
Естеріңізде болса, Мұса Әбдірайым кеше Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған бойжеткенді құтқарып қана қоймай, қаскөйден пышақты жұлып алып ерлік жасады. Осы әрекеті үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.