Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Аустрия Гран Приінің екінші күні: Қазақстан дзюдошылары түгел жеңіліп қалды

08.03.2025, 19:20

Олардың қатарында Данияр Шамшаев та бар

olympic.kz

Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран При турнирінің екінші күні татамиге шыққан қазақстандық дзюдошылар түгелдей жеңілді. 

Бұл күні Қазақстан намысын бес дзюдошы қорғаған. Солардың ішінде тек біреуі ғана – 81 келіде күрескен Азат Күмісбай ширек финалға дейін жетті. Ол алдымен Сибатуллаһ Арабты юкомен жеңсе, екінші айналымда Мажарстан мықтысы Аттила Унгвариден айласын асырды. 1/16 финалда словакиялық Алжаз Плантакты сан соқтырды. Ширек финалда татами иесі Бернд Фашиннен жеңілді. Одан кейін жұбаныш белдесуіндее күресіп, жапон балуаны Наото Изавадан жеңіліп, жарысты 7-орынмен аяқтады. Азат Күмісбай 2024 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

Бұл салмақта күрескен тағы бір қазақстандық – 2024 жылғы ел чемпионы Мади Амангелді алғашқы айналымда нидерландтық Коен Негтен юко ұпайымен жеңілді.

73 келідегі құраманың үздігі Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде өзбекстандық Мардон Равшановтан иппонмен жеңілсе, 73 келіде күрескен тағы бір отандасымыз Барыс Қуан алғашқы айналымда Фин спортшысы Турпал Жоукаевты жеңді, бірақ екіншісі айналымда мажарстандық Даниел Зегедиден өте алмады.

Бүгінгі жарыс жолына қыздардан Самалай Ерғалиева ғана шықты. Ол алғашқы айналымда Нидерланд дзюдошысы Жони Гелиенге есе жіберді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні Әбиба Абжауқынова чемпион атанып, құрама қоржынына алғашқы медальді салған болатын.

Жарнама
Жарнама

Материалда: