Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбектің танымал дзюдошысы жаңа салмаққа ауысып, бірден Гран При турнирінде жүлде алды

09.03.2025, 03:50

Әлемде мұндай жетістікке жеткен дзюдошылар саны аз

Olympic.uz

Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран При жарысында 81 келіде өзбекстандық Муроджон Юлдошев күміс жүлдегер атанды.

Финалда Юлдошов осы турнирдің өткен жылғы чемпионы – Италия дзюдошысы Антонио Эспаситодан жеңілді. Бұл – Муроджонның Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы.

Айта кету керек, Юлдошев 81 келіде алғаш рет белдесіп отыр. Осыған дейін ол 73 келіде күресіп, көптеген жетістікке жеткен. Атап айтқанда, 2023 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы. Гран Слэм, Гран При турнирлерін бірнеше рет жеңіп алған. Азия чемпионаты және Мастерс турнирінде медаль олжалаған. Былтыр париж Олимпиадасына қатысып, екінші айналымда жеңілді.

Айта кетейік, Линц Гран Приінде Қазақстан дзюдошылары да күресіп жатыр. Екі күннің нәтижесінде тек Әбиба Абужақынова ғана чемпион атанды. Қалған балуандарымыздың бәрі түгелдей жеңілді.

Жарнама
Жарнама