Олардың қатарында Ризабек Айтмұқан жоқ
Иордания астанасы Амманда 25-30 наурыз аралығында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігіне қатысатын қазақстандық құраманың тізімі белгілі болды.
Тізім Біріккен күрес әлемінің ресми сайтында жарияланды. Алайда, олардың қатарында әлем чемпиондары Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов жоқ. Олардың неліктен жарыстан тыс қалғаны белгісіз. Есесіне тывалық легионер Начын Куулар қатарда.
Бұған дейін ел кубогының нәтижесімен Азияға қатысатын құрама жасақталады деп айтылған болатын.
Ел намысын қорғайтын еркін күрес балуандары:
2024 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.