Ахмед Тажудинов Қазақстан спортшылары үшін өте тегеурінді қарсылас саналады
Наурыз айының 25-30 күндері аралығында Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатында Ахмед Тажудинов белдеседі.
97 келіде Париж Олимпиадасында чемпион атанған балуан Қазақстан спортшылары үшін өте тегеурінді қарсылас саналады. Себебі, халықаралық жарыстарда әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Тажудиновке екі рет есе жіберсе, Олимпиадада Әлішер Ерғали ірі есеппен жеңілген болатын.
Бахрейн атынан күресетін Ахмед Тажудинов 2023 жылы әлем чемпионатында ерекше көзге түсті. Ол сол сында Олимпиада чемпиондары, америкалық Кайл Снайдерді ірі есеппен уақытынан бұрын жеңсе, жартылай финалда өзінің жерлесі Абдулрашид Садулаевты айқын басымдықпен қапы қалдырды.
Дағыстанда дүниеге келген спортшы Азия ойындарында топ жарса, сондай-ақ, Азия чемпионатында да екі мәрте үздік шықты.