Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Нұрлыхан Шархан Линц Гран Приін жеңіспен бастады

Редактор
09.03.2025, 15:33

Отандасымыз чехиялық Мартин Бездекті сүріндірді

ҰОК

Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық Нұрлыхан Шархан белдесуін жеңіспен бастады.

-100 келіде сынға түсіп жатқан қызылордалық балуан чехиялық Мартин Бездекті сүріндірді. Енді екінші белдесуінде Словения-Италия балуандары жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында -90 келіде Мейірдан Максим венгр балуаны Гергей Нерпелмен кездессе, +100 келіде Жантілек Нұртілепұлы грузин дзюдошысы Шалва Гурешидзеге алғашқы айналымда жол берді. Сондай-ақ, +78 келіде Ақерке Рамазанқызы франциялық Грейс-ЭстерМиенанди Лахумен татамиге шығады.

Аталған турнирге елімізден 14 дзюдошы аттанған еді. Олардың арасынан әзірге тек Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана чемпион атанды.

Жарнама
Жарнама