Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан дзюдошылары Линц Гран Приінен жалғыз жүлдемен қайтты

Редактор
09.03.2025, 21:16

Турнирге елімізден 14 дзюдошы аттанған еді

Спортты дамыту дирекциясы

Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран При турнирінің үшін жарыс күнінде қазақстандық татами шеберлері жүлдеге қол жеткізе алмады.

Бұл сында ширек финалға дейін барған Нұрлыхан Шархан венгриялық Кристиан Тотты таза жеңсе де, төреші оның әдісін есепке алмады. Осылайша қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуінде күресуге мәжбүр болды. Алайда Нұрлыхан қола үшін күресу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін Израиль өкілі Иосиф Симинге жол берді. Париж Олимпиадасынан кейін сынға түскен отандық белгілі дзюдошы алғашқы жарысын нәтижесін тәмамдады.

Бұдан бөлек, -90 келіде Мейірлан Максим 1/8 финалда жапониялық Рику Окададан жеңіліп, жүлдеден тыс қалды. Ал +100 келіде Жантілек Нұртілепұлы грузин дзюдошысы Шалва Гурешидзе қарсы айқаста жанкүйерлер көңілін көтере алмады. Әйелдер арасында +78 келіде Ақерке Рамазанқызы да алғашқы белдесуде франциялық Грейс-Эстер Миенанди Лахудің алдында осал болып шықты.

Аталған турнирге елімізден 14 дзюдошы аттанған еді. Олардың арасынан тек Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана жеңімпаз атанды.

Линц Гран Приі Қазақстан дзюдошылары жыл басынан бері қатысқан үшінші жарыс. Бұған дейін отандық татами шеберлері Баку және Ташкент Гранд Слэмінің әрқайсысынан жалғыз қола жүлдеден иеленген еді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: