Даңқты балуан – үш дүркін Олимпиада, алты дүркін әлем чемпионы
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Грозный қаласында даңқты балуан Бувайсер Сайтиев атындағы күрес орталығын ашпақ. Бұл туралы елдің дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыров өзінің Telegram-каналында жазды.
«Бувайсар Сайтиев тірі болса 50 жасқа толар еді. Осыған байланысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың тапсырмасымен Грозныйда бой көтерген Республикалық спорттық күрес орталығына оның есімі берілді. Жақын арада орталық ресми түрде ашылады», - делінген аталған хабарламада.
Сондай-ақ, Шешенстан министрі даңқты балуанның есімі мәңгі есте қалатынын айтты.
«Бувайсар Сайтиев – тек мықты балуан ғана емес, ол табандылықтың, абыройдың және мызғымас рухтың символы болды. Оның жеңістері миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жалындатты. Ол әр күресінде жеңіске жетіп қана қоймай, баршаға өмірдің шынайы құндылықтарын көрсетті. Оның есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады», - деді Қадыров.
Айта кетейік, Сайтиев 2 наурыз күні 49 жасында қайтыс болған. Оның өлімінің себебі әлі белгісіз.