Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Әлем чемпионатынан жүлде алуды көздеймін»: Эльмира Сыздықова алдағы жоспарымен бөлісті

Редактор
12.03.2025, 10:17

Спортшы қыз 13 жасынан бері барлық жұмысы тікелей спортпен тығыз байланысты екенін айтады

ҰОК

Әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова неліктен спорттан қол үзбей жүргенін атады. Белгілі спортшының сөзінше, әлем чемпионатынан әлі күнге жүлде иелене алмауы оны қатты ойландыратын көрінеді.

ҰОК-нің мәліметінше, 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін бозкілем шебері мақсат жолында аянбайтынын, 13 жасынан бері барлық жұмысы тікелей спортпен тығыз байланысты екенін де жасырмады.

«13 жасымнан бері спортта жүрмін, үнемі күреспен айналысып келемін. Менде өмір бойы демалу деген болған жоқ, оқу-жаттығу жиындары, одан қалса жарыстарға қатыстым. Ешқашан демалған емеспін. Соңғы 10 айда түсінгенім басқа да өмір бар және ол керемет. Бірақ мен бұл істі жүрегіммен жақсы көремін. Сондықтан мен осындамын», - деді олимпиада жүлдегері.

Эльмира Сыздықованың сөзінше, жаттығу залына оралуына үнемі бір мақсат себеп болады екен.

«Мен бұл жерге қатты сағынғандықтан келген жоқпын. Ешкімге керек болмағандықтан немесе айналысатын ісім болмағандықтан да емес. Жоқ, менің айналысатын ісім болды. Жұмысым да бар еді. Өзімді жоғалтқан жоқпын. Өйткені, жеке тұлға ретінде мен әлдеқашан қалыптастым. Бірақ менде әлем чемпионатының медалі жоқ. Бұл сұрақ мені әлі күнге дейін мазалайды. Кейде таңертең өзіме кофе дайындап отырып, осы ойға батамын. Жан дүниемді бір сезім мазалап, өзімді қоярға жер таппаймын. Сол себепті мен үнемі қайта ораламын. Біз - спортшымыз, бұл - спортқа деген қызығушылық. Мұны мойындауға ұялмаймын. Мен сол медальға қол жеткізу үшін барымды саламын», - деді Эльмира Сыздықова.

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Рио Олимпиадасында 69 келіде қола медаль иеленді. Сондай-ақ, Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионатында 8 рет жүлде алған.

Жарнама
Жарнама