Поляк шахматшысы ресейлік қарсыласының қолын алмай қойды (ВИДЕО)

Редактор
03.01.2024, 11:19

Желі қолданушылары мұны ресейліктің саяси көзқарасымен байланыстырып отыр

скрин Instagram

Самарқанда (Өзбекстан) өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатында поляк шахматшысы Ян-Кшиштоф Дуда ресейлік қарсыласының қолын алмай қойды. Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған.

Видеода Ресей өкілі Денис Хисматуллиннің шахмат столына келіп, қарсыласқа қолын созғаны анық көрінеді. Алайда, поляк шахматшысы қол бермейтінін ишаралап, ойынға кірісуді ұсынған.

Мұны әлеуметтік желі қолданушылары жан-жақты талқылап жатыр. Көпшілігінің айтуынша, Хисматуллин Ресей әскерінің Украинада жүргізіп жатқан басқыншылық соғысын қолдайды. Дуда соған наразылық білдірген көрінеді. Өзгелері болса спорт пен саясатты араластыру дұрыс еместігін жазуда.