Ұлттық құрылтайда еліміздегі діни ахуал мәселесі қозғалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында жат діни ағымдар туралы мәселе көтерді.
«Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдіріп жүр. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ.
Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды», – деді Президент.
Айта кетейік, бұған дейін депутаттар спорт федерацияларын діни экстремизм мен терроризмге қарсы шара қабылдау мәселесін қарастырған еді.