Енді спортшылардың діншілдік мәселесі заңмен қаралады

Telegram WhatsApp

Спорт федерациялары діни экстремизмге қарсы шаралар қабылдайды

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Мәжіліс дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Баяндама жасаған депутат Нартай Аралбайұлының айтуынша, жоғары жетістіктер спортына жататын спорт түрлерін шектеу ұсынылады. Осы мақсатта Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиада ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерін саралау алынып тасталады.

Бұл ретте Туризм және спорт министрлігі халықаралық жарыстарда жеңіп алған медальдардың қорытындысы бойынша басымдық берілетін спорт түрлерін бекітеді. Ұлттық спорт түрлері енді басым спорт түрлерінің қатарына енеді.

Заңда спорт федерацияларын аккредиттеудің сатылы моделін құру көзделген. Яғни, енді жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының республикалық немесе облыстық спорт федерациясына мүше болуы талап етіледі.

Сондай-ақ заңда спорт федерацияларының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын қабылдау міндеті қарастырылған. Туризм және спорт министрлігінің жеке құзыреттерін шамадан тыс заңнамалық реттеу нормаларын алып тастау көзделген. Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері нақтыланды.

Айта кетейік, бұған дейін туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет үйінде баспасөз мәжілісінде дін мәселесі бойынша арнайы жол картасы әзірленгенін айтқан еді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 736 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 260 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 504 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 573 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 277 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 167 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 816 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›