Амманда өтетін біріншілікке көрші ел құрамасы сапында 27 балуан аттанбақ
Иорданияда күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына қырғыздың Олимпиадада жүлде алған танымал балуандары қатыспайтын болды.
25-30 наурыз күндері Иордания астанасы Амманда өтетін біріншілікке көрші ел құрамасы сапында 27 балуан аттанбақ. Олардың қатарында Жоламан Шәршенбеков, Ақжол Махмудов, Айсұлу Тыныбекова, Мейірім Жұманазарова сынды балуандар турнирден тыс қалғалы отыр.
Грек-рим күресі бойынша толық жаңа құрам барады. Ал еркін күрес бойынша бұған дейін Олимпиада мен әлем чемпионатындарында белдескен Тайырбек Жумашбек уулу, Эрназар Акматалиев, Арсалан Будажапов секілді белгілі спортшылар сынға түседі. Бұдан бөлек, әйелдер күресі бойынша әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Айпері Меденқызы мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрзат Нұртаева күрескелі отыр.
Естеріңізде болса, Париж олимпиадасынан кейін Жоламан Шәршенбеков пен Ақжол Махмудов, Үзір Жүсіпбеков үйленсе, Айсұлу Тыныбекова тұрмысқа шыққан болатын.