Бұған дейін Усик ұлының боксшы болуына қарсы екенін айтқан болатын
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Александр Усиктің ұлы халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды.
Белгілі спортшы біраз жыл бұрын өзінің ұлын дзюдоға берген болатын. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Михайло Усик жартылай финалға дейін жетіп, шешуші сәтте әкесін жерге қаратпады.
Испанияның Естепона қаласындасындағы дзюдо академиясында жаттығып жүрген ол жекпе-жек өнерінде жақсы қалыптасып келеді. Жарысқа арнайы келген Александр Усикке Испаниядағы украиналықтар да құрмет көрсеткен.
Естеріңізде болса, бұған дейін Усик дзюдоның ерекшелігін атап, ұлының боксшы болуына қарсы екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, бірінші ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол да екінші ұлын дзюдоға бергені мәлім болды.