Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бахтиёр Зайнутдинов алдағы матчтарға қатыспайтын болды

Редактор
18.03.2025, 09:32

23 наурызда Әли Әлиевтің шәкірттері сырт алаңда Уэльспен кездеседі

ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев Бахтиёр Зайнутдиновтың жарақатына қатысты пікір білдірді.

Әлиевтің айтуынша, «Бешікташтың» жартылай қорғаушысы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарға қатыса алмайды.

«Біз медициналық штабымызға сенеміз. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, Бахтиёр алаңға шыға алмайды. Онымен сөйлескен кезде де, артқы бұлшық еті тартылып, спазмдар жылдам қозғалып, спринт жасауына кедергі келтіретінін айтты. Сондықтан оның алғашқы екі ойында алаңға шығуы екіталай. Оның орнын кім басатынын ойын алдындағы дайындық барысында шешеміз. Әрине, көшбасшыны, негізгі ойыншымызды, сонымен қатар айып алаңы мен алаңды жақсы сезінетін сұрмергенді жоғалту – біз үшін қиын. Бірақ футболда орнын толтыра алмайтын ойыншы жоқ. Оның орнын басатын, сенімді өнер көрсететін футболшыны міндетті түрде табамыз. Ал Бахтиёрге тезірек сауығып, клубта да, ұлттық құрамада да командасына пайдасын тигізе беруін тілейміз», – деді Әли Ханалиевич.

23 наурызда Әли Әлиевтің шәкірттері сырт алаңда Уэльспен кездеседі. Ал үш күннен кейін, 26 наурызда, Қазақстан құрамасын Лихтенштейн ұлттық командасы қабылдайды.

 

Жарнама
Жарнама