Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан дзюдошылары Чехияда жаттығып жатыр

Редактор
18.03.2025, 15:37

Чехиядағы жаттығу орталығына 36 ұлттық құрама атынан 595 дзюдошы жиналған

Дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдошылары Чехияның Нимбурк қаласында басталған халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Чехиядағы жаттығу орталығына 36 ұлттық құрама атынан 595 дзюдошы жиналған. ҰОК мәліметінше, біріккен оқу-жаттығу жиындарына құраманың қатарындағы көптеген көшбасшы барған.

Оның ішінде Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Данияр Шамшаев, Есмигүл Куюлова және басқа да спортшылар бар.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде белдескен болатын. Бұл бәсекеде Қазақстан бір медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Әбужақынова чемпион атанды.

Сондай-ақ, еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің қызметінен кеткені айтылды. Оның орнына ресейлік Роберт Мшвидобадзе құрама тізгінін қол алған деген мәлімет тарады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: