Спортшы оқырманының хатын жариялаған
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова әйелдердің бір-біріне қолдау көрсетуіне қатысты пікір білдірді.
Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманының хатын жариялаған. Онда бойжеткен Сәбинаның сұлулығына тамсанып, мақтау сөзді жаудырған. «Өте сұлусыз, өмірде тіпті сұлу екенсіз» деп жазған ол.
Алтынбекова оқырманына алғысын білдіріп, қыз-келіншектердің бір-біріне қолдау көрсетуі өте маңызды екенін алға тартқан.
«Әйелдердің бір-біріне мақтау сөздер айтып, қолдау көрсететін, көмектесетін уақытқа келе жатқанымызға шын қуаныштымын. Әйелдердің бір-біріне айтатын мақтау сөздері – шынайы мақтау. Онда іштарлық, көре алмаушылық, жек көрушілік пен бәсекелестік болмайды. Біз бірге талай жетістікке жетеміз», - деп жазды ол.