Елдос Сметов алғашқы бапкеріне құрмет көрсетіп, сый тартты (ВИДЕО)

Редактор
04.01.2024, 09:49

Ахмет Жұмағұлов танымал әйгілі дзюдошыны 5 жасынан бастап жаттықтырған

olympic.kz

Дзюдодан Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов өзінің алғашқы бапкеріне ерекше сыйлық тарту етті. Белгілі спортшыға дзюдо әліппесін үйреткен Ахмет Жұмағұловты арнайы құттықтай келген шәкірті ізгі тілегін білдірді.

«Бүгін алғашқы бапкерім Ахмет ағайға келіп, амандасып, Жаңа жылмен құттықтадым. Жаңа жылда жаңа табыс тілеймін. Кимоноңыз құтты болсын! Аман болыңыз. Сәттілік!», - деді Елдос Сметов.

Танымал дзюдошыны 5 жасынан жаттықтырған Ахмет Жұмағұловқа Елдос Сметов ақ түсті кимононы тарту еткен. Сондай-ақ, дзюдошы кимононың арқасына өзінің есімін жазып берген.

2015 жылы Елдос Сметов әлем чемпионы атанғанда оның алғашқы бапкеріне облыс әкімдігі 1,2 млн теңге сыйлаған болатын.

Елдос Сметов 1992 жылы дүниеге келген. Ол өзінің ең алғашқы жарысына 1998 жылы қатысып, жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, 2010 жылы Мароккода өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Ал 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлде жеңіп алды. Азия чемпионы (2016) және қола жүлдегері (2013), әлем чемпионы (2015), әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2019, 2022), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері (2016, 2020).

Материалда: