Жаңа заң күшіне енсе елдегі спорттық клубтардың нәтижесі күрт төмендеуі мүмкін
Бүгін Парламент Сенаты спорт туралы заңға түзетулерді қабылдады. Бұл өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынатыны белгілі болды.
Одан бөлек, Парламентте Астаналық төрт кәсіби клубтың, яғни «Астана» футбол және баскетбол клубтары, «Барыс» хоккей клубы және Astana Qazaqstan Team велокомандасының мәселесі көтерілді. Бұл командалар қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаражаты есебінен қаржыландырылып келеді.
Қазақстан Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, бұл клубтардың кейбірі мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржы алып отыр. Атап айтқанда, қаражат спорт пен туризмді қолдаудың бірыңғай операторы арқылы бағытталады. Бұл қорға лотерея, букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінен келетін салықтар түседі. Ал «Самұрық-Қазына» сияқты квазимемлекеттік секторға тыйым салынған жағдайда, бұл көздердің де болашағы белгісіз күйде қалып отыр.
«Астана» баскетбол клубы лимиттен аспайды. Бірақ оған да демеушілік көздерін табу тапсырмасы қойылды. Футбол клубы 5,3 млрд теңгені қайта қарастыруы керек. Хоккей клубы 8,5 млрд теңге көлемінде», - деді вице-министр.
Қазіргі уақытта бұл клубтардағы легионерлер саны:
Жаңа заң күшіне енген соң клубтар екі жолдың бірін таңдауы мүмкін:
Серік Жарасбаев Astana Team велокомандасы жаңа маусымда қаржысының 60%-ын қытайлық жеке инвестор есебінен алып отырғанын айтты. Сондай-ақ, команда құрамында қазақстандық велошабандоздар аз болғанымен, қаражат мемлекеттік қорлардан бөлінбейтінін атап өтті.
2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 2013-2023 жылдар аралығында елорда клубтарын қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» тарапынан 138 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған болатын:
Соған қарамастан, командалардың қазіргі спорттық нәтижелері төмен.