Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қырғыз балуаны Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Редактор
28.03.2025, 08:50

Айпері Медетқызы Азия чемпионатының финалына 6-шы рет шықты

bulak.kg

Әйелдер күресінен қырғыздың белгілі балуаны Айпері Медетқызы Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші рет құрлық чеммпионы атанды. Көршілес елдің спортшысы финалда Ритика Ритикадан 7:6 есебімен басым түсті.

Қырғызстандық балуан Аммандағы турнирдің ширек финалдық белдесуінде Қытай балуанынан басым түссе, жартылай финалда Солтүстік Корея спортшысын жеңді.

Айта кететін жайт, Айпері Медетқызы осымен Азия чемпионатының финалына 6-шы рет шығып, оның үшеуінде топ жарып отыр. Балуан өткен жылы Париж Олимпиадасына да қатысып, бесінші орынмен аяқтаған еді. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Әлем кубогында да үздік үштікке енген. Ал 2023 жылы Азия ойындарында топ жарды.

Бұған дейін қырғыздың даңқты балуаны Айсұлу Тыныбекова Азия чемпионатында ең көп жүлде алған балуан ретінде рекорд орнатқан еді. Балуан құрлық додасынан барлығы 11 рет жүлде иеленген. Оның ішінде алты мәрте чемпион атанып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Жарнама
Жарнама