Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

АҚШ-та трансгендер спортшыға қатысты дау шықты

Редактор
07.04.2025, 16:13

Америка президенті Дональд Трамп трангендердердің қыздар жарысына қатысуына түбегейлі қарсы екенін бұған дейін айтқан

instagram.com/abiygritte/

Америкалық диск-гольфшы Абигейл Уилсон жарыста трансгендер қарсыласына қарсы ойнаудан бас тартты. Мұның соңы қоғамда қызу пікірталасқа ұласты.

Абигейл қарсыласының бұрын еркек адам болғанын білгенде жарысты дереу тоқтатып, алаңды тастап кетіп қалған.

«Әйелдер қорғануға мұқтаж. Мен осы жарыста жеңіске жетемін деп қаншама уақыт дайындалдым. Сондықтан, бұл барып тұрған әділетсіздік. Қазір үнсіз қалмай, өз позициямызды қорғайтын кез, артқа шегінбеймін», - деп жазды Уилсон өзінің Instagram-парақшасында.

Әлеуметтік желіде оның пікірін қолдаушылар саны көп болды. Спортшы қыз болса қоғамды спорттағы әділетсіздікпен бірге күресуге шақырды.

«Мамандығым бойынша, мен тас қарушымын. Мен өте ауыр әрі лас жұмысты істеймін. Соның бәрі ақша тауып, осы жарысқа қатысу үшін ғана. Осы жұмысымнан тапқан әрбір тиыным менің диск-гольфтегі мансабыма жұмсалды. Спортқа жұмсаған әрбір ақшам өз қалтамнан шықты, ешкім маған демеуші болған жоқ. Спорттың бұл түрінде ТОП-10 кірмесең пайда таппайсың. Сондықтан бәсеке әділ болуы керек», - деді Абигейл Уилсон.

Еске салайық, трансгендерлердің қыздар арасындағы спортқа қатысуына АҚШ президенті Дональд Трамп қарсы шығып, бұған заңмен тыйым салатынын айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама