Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Садулаев қатыстырылмаған жарыста грузин балуаны үздік атанды

Редактор
10.04.2025, 04:33

Ол құрлық біріншілігінде осымен үшінші рет чемпион атағын жеңіп алды

National Wrestling Federation of Georgia

Словакияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Париж Олимпиадасың күміс жүлдегері Гиви Мачарашвили топ жарды.

Еркін күрестен 97 келіде белдескен Грузия балуаны финалда Ресей құрамасының өкілі Магомед Курбановтан басым түсті. Курбанов осы жарысқа қатысуы тиіс болған отандасы Садулаевты алмастырған балуан. Ал Грузин спортшысы осымен Еуропа чемпионатында үшінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр. Ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын. Гиви финалда әйгілі Ахмед Тажудиновтен жеңілген еді.

Братиславадағы құрлық чемпионатынынан бұрын Грузия өкілі фавориттер қатарында болды. Дегенмен, көпшілік бұл сында Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев топ жарады деп топшылаған.

Бірақ жарыс қарсаңында Ресейдің танымал балуанына Словакия тарапы виза рәсімдеуден бас тартты. Бұған Ресейдің сыртқы істер министрлігі араласқанымен, құжат рәсімдеу нәтижесіз аяқталды. Осылайша Садулаев екінші жыл қатарынан Еуропа чемпионатына виза бойынша туындаған кедергіге байланысты қатыса алмады.

Жарнама
Жарнама