Отандық балуандарға ресейлік маман көмектесуде
Осыдан бір ай бұрын дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметтен кеткені белгілі болған. Алайда, бұл туралы Дзюдо федерация әліге дейін ресми хабарламады.
Мәселенің мән-жайын федерацияның баспасөз қызметінен сұраған болатынбыз.
«Команда қазіргі таңда білікті маман Эцио Гамбаның жүйесімен және командасымен жаттығып жатыр. Гамбаның бапкерлік штабы мен қазақстандық бапкерлер бірге жұмыс істеуде. Дәл қазір ерлер мен әйелдер құрамасы бірге Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дайындалуда. Оқу-жаттығу жиыны Азия чемпионатына дейін болады», - деп пікір білдірді Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев.
Айта кетейік, даңқты дзюдо әрі білікті дзюдо маманы Эцио Гамбаның командасы жыл басында Қазақстандағы жұмысын бастаған. Бірақ, командада Гамбаның өзі жоқ.