Әлем чемпионатының қола жүлдегері Айым Әбілдинаның анасы өмірде озды

Редактор
14.04.2025, 12:18

Ол Азия чемпионатының 6 дүркін жүлдегері атанған

Әлеуметтік желі

Әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Айым Әбілдинаның анасы бақилық болды. Бұл туралы еліміздің күрес түрлері федерациясы хабарлады.

«ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұжымы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Айым Әбілдина анасы Анар Ахметқызы Сыздықованың қатйыс болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.

Айым Әбілдина әйелдер күресінне 55 келіде өнер көрсетті. Ол 2016 жылы Будапеште олимпиадалық емес емес салмақ дәрежесі бойынша өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол Азия ойындарында (2010 ж.) қола қола медаль иеленген. Әрі Азия чемпионатының 6 дүркін жүлдегері.

Материалда: