Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абиба Әбужақынова Азия чемпионатына неліктен қатыспайтынын түсіндірді

18.04.2025, 01:19

Оның орнына Таиландқа Ғалия Тынбаева барады

instagram.com/abiba48/

Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынованың Бангкокта дзюдодан өтетін Азия біріншілігіне қатыспайтыны бұған дейін белгілі болған. Осыған байланысты ол жанкүйерлердің сауалына жауап беріп, неліктен мұндай шешім қабылданғанын түсіндірді.

«Маған алаңдаушылық танытқандарыңызға рахмет. Осы жазба арқылы көпшіліктің сұрағына жауап бергім келіп отыр. Ұлттық құраманың бапкерлер штабының шешімімен Азия чемпионатына қатыспаймын. Бар күш-жігерімді маусым айында өтетін әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғауға саламын. Азия чемпионатына қатысатын барша командаласыма сәттілік тілеймін! Ұлттық құраманы бірге қолдап, дзюдошыларымызға тілеулес болайық», - деді балуан әлеуметтік желіде.

Спортшы жыл басында Аустрияның Линц қаласында өткен Гран При турнирінде чемпион атанған болатын.

25-28 сәуір аралығында Таиландта өтетін Азия чемпионатына Қазақстан құрамасының 17 дзюдошысы қатысады. Құрлық біріншілігіне 30 елден 300 дзюдошы келеді деп күтілцде. Абибаның салмағында Қазақстан намысын Ғалия Тынбаева қорғайды.

Жарнама
Жарнама