Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қай тілде сөйлейтінімді өзім білемін»: Болгария күрес федерациясында тіл мәселесі ушықты

18.04.2025, 08:59

Федерация шетелден келген легионерлерді бір-ақ күнде құрама сапынан шығарып тастады

champion.com.ua

Болгарияның күрес федерациясы ұлттық құрамадағы легионер балуандардың бәрін құрама сапынан шығарып тастағанын жазған болатынбыз. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары да бар. Мұндай қадамға балуандардың болгар тілінде сөйлемеуі себеп болған көрінеді.

Құрама сапынан кеткендер қатарында украиналық Семен Новиков та бар. Ол 2023 жылы өз елінің күрес федерациясына ренжіп, Болгария азаматтығын алған болатын. Сол жылы ол әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2024 жылы Париж Олимпиадасында чемпион болды.

Десе де, оның Болгария спортына сіңірген осындай еңбегі түкке тұрғысыз болып отыр. Болгария күрес федерациясының жаңа президенті Станка Златева болгар тілінде сөйлемейтін балуандардың бәрін ұлттық құрама сапынан шығарып тастаған. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта шетелден легионер алмай, өз жастарын тәрбиелеп шығаруды қолға алмақшы.

27 жастағы Семен Новиков болса мұның абсурд екенін мәлімдеді.

«Егер мен украин, ағылшын немесе орыс тілдерінде сөйлегім келсе сөйлей беремін. Қысқасын айтқанда, өзім білемін. Ешбір ережеге мән бермеймін. Маған ата-анаммен қай тілде сөйлесіп, әлеуметтік желіде қай тілде жазу керектігін үйретсеңіз – бұл Күрес федерациясы емес, бұл мүлдем басқа орта. Біз балуандар бос сөз айтпауымыз керек, халықаралық аренада күресіп, нәтиже көрсеткіміз келмейді. Болгария туын мүмкіндігінше биікте көтере беруіміз керек», - деді Новиков.

Ол енді өз еліне қайта ма, әлде болгар тілін үйреніп ұлттық құрамаға қайта шақырту ала ма – әзірге белгісіз.

Жарнама
Жарнама