Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елімізде халифат құруды көздейтін «сақалды» спортшылар бар – Ринат Зайытов

Редактор
18.04.2025, 17:34

Олар күрес пен MMA спортында көп дейді ол

parlam.kz

Мәжіліс депутаты, танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов Adal Adam YouTube-каналына берген сұхбатында теріс діни ағымда жүрген спортшылар жайлы сөз қозғады.

«Іс-шараларға барамыз, сонда ортамызда түрлі саланың өкілдері болады, спортшылар келеді. Сондай пікірталастың арасында «біз халифат құруымыз керек, құрамыз да» деп ашық айтатындар бар», - дейді Зайытов.

Оның сөзінше, мұндай көзқарастағы адамдар әсіресе күш қолданылатын спорт түрлерінің арасында көп.

«ММА жарыстарында бір жағына Қазақстанның туын, екінші жағына жасыл түсті, арабша жазулары бар туды алып шыққан қазақтың жігіттерін көргенмін. Оның не ту екенін түсінбей-ақ қойдым. Бірақ олардың неге осы спорт түрлерін таңдайтынын, жалпы бұлардың мақсатын зерттеп жатқан ешкім жоқ», - деп қосты мәжілісмен.

Ринат Зайытовтың айтуынша, теріс ағымда жүргендерді қазір сырт келбетіне қарап тану да мүмкін емес.

«Баяғыда сақалына қарайтынбыз, қазір олар сақал да өсірмейді. Кезінде Сирияда сондай жағдай болған. Бір күннің ішінде теңкеріс жасағанда, қауіптің қайдан келгенін түсінбей қалған. Сөйтсе ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – авт.) өкілдері билікте жүрген екен. Сондықтан ондай қауіп бізде жоқ деп сеніммен айту қиын. Әйтпесе неге осы күнге дейін ол тақырып зерттеліп, мәселе ретінде көтерілмейді», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Спорт министрі Ербол Мырзабосынов та «діндар» спортшылармен арнайы жұмыс жүргізілетінін, ол үшін арнайы жол картасы да әзірленгенін айтқан болатын. Алайда, министрдің бұл сөзінен бері бірнеше ай өтсе де, «сақалды» спортшылармен жүргізіліп жатқан жұмыс байқалмайды.

Жарнама
Жарнама