Тіреуішпен секіру жаттығуында Алтынхан Темірбек те финалға шығып отыр
Дохада спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасынан Милад Карими мен Алтынхан Темірбек финалға шықты.
Милад Карими шешуші кезеңде қоссырықтағы жаттығулар бойынша бірінші орынмен ақтық кезеңге өтті. Отандық гимнастың әлеуетін іріктеу кезеңінде төрешілер 14.000 ұпаймен бағалады.
Сондай-ақ, тіреуішпен секіру жаттығуында Алтынхан Темірбек те финалға шығып отыр. Ол бұл сында 13.199 ұпай жинап, сегізінші орыннан көрініп, нәтижесінде чемпиондыққа таласатын болды.
Енді финалда қазақстандық атлеттер еркін жаттығу бағдарламасы бойынша да финалдық бәсекеге қатысады.
Сонымен бірге, жақында ғана әлем кубогының кезеңдік сынында Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда жүлде үшін өнер көрсетпек.
Катардағы гимнастика шеберлерінің финалдық додасы 18-19 сәуір күндері аралығында өтпек.