Жәмила Бақбергенова – әлемнің төрт дүркін жүлдегері
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.
Ақорда хабарлағандай, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабы толған.
Президентпен ағаш еккендердің қатарында балуан қыз Жәмилә Бақбергенова да болды.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – әлемнің төрт дүркін жүлдегері, Азияның төрт дүркін чемпионы және екі дүркін жүлдегері.
Жақында Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.