Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жеңіл атлеттер Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Редактор
22.04.2025, 12:06

Команданың қоржынында бір алтын медаль бар

ҰОК

Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.

Команданың қоржынында бір алтын медаль бар. Оны Полина Кузубова (жетісайыс) жеңіп алды. Онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға ие болды.

Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова және Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) жеңіп алды.

Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтады. Бірінші орынды Қытай иеленсе, екінші орын Өзбекстан командасына бұйырды, ал Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Жарнама
Жарнама