Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның ауыр атлетикасында тағы дау: Екі спортшы допингпен ұсталды

Редактор
22.04.2025, 12:23

Спортшылар 2028 жылға дейін жарыстардан шеттетілді

Shutterstock

Қазақстанның Антидопингтік орталығы ресми сайтында екі қазақстандық ауыр атлеттің жарыстардан шеттетілгенін хабарлады. Бұл туралы sportarena.kz жазды.

Сөз Аслан Бурханов пен Бекболат Қалиұлы туралы болып отыр. Аслан Бурханов допинг-тестінен оң нәтиже көрсетіп, оның ағзасынан тыйым салынған "Тестостерон" препараты табылған. Осыған байланысты ол 2025 жылдың 21 ақпанынан бастап 2028 жылдың 21 ақпанына дейін, яғни үш жылға спорттан шеттетілді.

Ал Бекболат Қалиұлының ісі одан да ауыр. Оның қанынан "Метандиенон" препараты анықталып, ауыр атлет төрт жыл бойы республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алмайды. Шеттету мерзімі 2024 жылдың 24 желтоқсанынан 2028 жылдың 24 желтоқсанына дейін жалғасады.

Бекболат Қалиұлы Шымкент қаласының тумасы, жақында ғана 18 жасқа толған. Ол 2024 жылы ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында 96 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын. Осы жетістігінен кейін ол жастар құрамасына қабылданып, Перудың Лима қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан. Онда Бекболат жұлқа көтеруде 142 кг салмақты еңсерді, алайда серпе көтеруде 173 кг-ды бағындыра алмай, бірде-бір әрекетін сәтті орындай алмады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: