Күрес түрлерінен ел чемпионаты ақпан айының басында өтеді

Редактор
08.01.2024, 10:02

Олимпиадаға лицензия алған балуандар бұл жарысқа қатыспайды

olympic.kz

Қазақстан күрес федерациясы Қазақстан чемпионаты өтетін уақытты жариялады деп жазды Olympic.kz. 

Күрес түрлерінен ел чемпионаты 1-5 ақпан аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді. 

Қазақстан біріншілігінің жарыс кестесі: 

  • 1 ақпан: Грек-рим күресі,  55, 63, 72, 82, 97 келі
  • 2 ақпан: Грек-рим күресі, 60, 67, 77, 87, 130 келі
  • 3 ақпан: Әйелдер күресі,  50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі
  • 4 ақпан: Еркін күрес,  57, 65, 74, 86, 92 келі
  • 5 ақпан: Еркін күрес,  61, 70, 79, 97, 125 келі

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша лицензиялық турнирде бақ сынайтын балуандар анықталады. 

Ал, Париж олимпиадасына жолдама алған Азамат Дәулетбеков (еркін күрес) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (84 келі) ұлттық чемпионаттан босатылды.