Елдос Сметов бастаған отандық дзюдошылар Париж Гранд-слэмінде күреседі

Редактор
08.01.2024, 14:13

Қазақстандық дзюдошылар былтыр желтоқсанда Токио Гранд-слэмінен жүлдесіз оралған

olympic.kz

Қазақстан дзюдошылары ақпан айында Парижде өтетін Гранд-слэм жарысына қатысатын болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Нұрбол Сүлейменов шәкірттері үшін бұл сын аса маңызды. Себебі, Олимпиада алдында әлемдік рейтингте нәтижені жақсартуға мүмкіндік береді. 

Париждегі өтетін осынау турнирде Елдос Сметов бастаған 14 дзюдошы өнер көсетеді.

Олардың қатарында Елдос Сметовтен бөлек, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов (66 кг), Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев (81 кг), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев (-100 кг), Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев (+ 100 кг) сынды балуандар бар.

Айта кетейік, Қазақстан дзюдошылары соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айының басында Токио Гранд-слэміне қатысып, түгел жеңіліп қалған болатын.

Материалда: