Жарыстың жүлде қоры 22 700 000 теңгені құрады
Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінде бәйгеден көшбасшылық үшін нағыз тартыс өтті, деп хабарлайды Olimpbet Arena. Ұлттық спорт мерекесі қалай өтті?
Қызылордада өткен Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі – Olimpbet ұлттық спорт түрлерін сүйетіндер үшін ерекше оқиға болды. Жарыстың жүлде қоры 22 700 000 теңгені құрады.
Сырдария жағалауында еліміздің әр өңірінен жиналған үздік шабандоздар мен жүйріктер ұлттық спорт түрінен өз шеберліктерін көрсетті. Әр бәйгеде үлкен тартыс болып, кезең жеңімпаздары тамаша дайындықтарын көрсетті.
Алайда, бәйге чемпионаты – бұл тек жүлделі орындар үшін жарыс қана емес, ұлттық дәстүрлер мерекесі. Бай мәдени бағдарлама, музыкалық қойылымдар мен бас серіктес Olimpbet ұйымдастырған ұтыс ойындары нағыз мерекелік атмосфераны сыйлады.
Чемпионаттың келесі кезеңі мамыр айында Талдықорғанда өтеді, ал финал 2025 жылдың күзінде болады. Финалға кімдер жолдама алды?
Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің қорытындылары – Olimpbet
Құнан бәйге
Жарысқа 27 ат қатысты. Финалға жолдама алған жеңімпаздар:
1 орын – Бойтұмар (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Әміртай Аян
• Ат иесі және бапкер: Жайлауов Нұрғали
2 орын – Көкбалақ (Алматы облысы)
• Шабандоз: Мерей Ғарипуллин
• Ат иесі: Қасым Алтынбай
• Бапкер: Жамбыл Бөбекбай
3 орын – Тастемір (Алматы облысы)
• Шабандоз: Әділжан Асқарұлы
• Ат иесі: Әмірхан Кеңес
• Бапкер: Ғалым Жатқанбаев
4 орын – Максимус (Алматы облысы)
• Шабандоз: Ансар Арыстанбек
• Ат иесі: Назар Алтынбай
• Бапкер: Жамбыл Бөбекбай
5 орын – Дауыл (Шымкент қаласы)
• Шабандоз: Амангелді Нұрислам
• Ат иесі: Серік Бейсенбай
• Бапкер: Айдос Тәжиев
Топ бәйге
Бұл бәйгеге 32 жүйрік қатысты. 12 шақырымдық бәйгеде Алматы облысының шабандоздары үздік атанды:
1 орын – Бастау (Алматы облысы)
• Шабандоз: Сержан Бақтыбай
• Ат иесі: Медет Ералимов
• Бапкер: Еділ Буралкиев
2 орын – Байрақ (Алматы облысы)
• Шабандоз: Раян Тілеубай
• Ат иесі: Азамат Молдатайұлы
• Бапкер: Арал Сатаев
3 орын – Бәйтерек (Алматы облысы)
• Шабандоз: Мерей Ғарипуллин
• Ат иесі: Сапарғали Сатпаев
• Бапкер: Жамбыл Бөбекбай
4 орын – Шахристан (Алматы облысы)
• Шабандоз: Назар Жолаушы
• Ат иесі: Тастан Жанысбаев
• Бапкер: Санат Рысқұлов
5 орын – Жұлдыз (Алматы облысы)
• Шабандоз: Санжар Иринат
• Ат иесі: Мерхат Булгынов
• Бапкер: Жамбыл Бөбекбай
Ұшқыр бәйге
Бұл жарысқа 11 ат қатысты. Финалға шыққандар:
1 орын – Алғабас (Алматы қаласы)
• Шабандоз: Сабыржан Байқұрман
• Ат иесі: Бағлан Нұрбосынов
• Бапкер: Ержан Ақтасов
2 орын – Әбдеш торы (Алматы облысы)
• Шабандоз: Әділет Рысбеков
• Ат иесі: Тастан Жанысбаев
• Бапкер: Санат Рысқұлов
3 орын – Нарқызыл (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Санжар Иринат
• Ат иесі: Жарасбай Әлішер
• Бапкер: Арал Сатаев
Аламан бәйге
18 шақырымдық ұзақ қашықтыққа 39 үздік жүйрік қатысты. Бұл бәйгедегі жүлделі орындарды Жамбыл облысының шабандоздары иеленді:
1 орын – Алтын қазық (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Ілесбек Дамир
• Ат иесі: Жұмабек Әлібек
• Бапкер: Байсалбеков Жайнақ
2 орын – Кердауыл (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Аманұлы Әмір
• Ат иесі: Барлыбаев Бақытжан
• Бапкер: Асанов Данияр
3 орын – Сарбаз (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Шыныбек Мырзахмет
• Ат иесі: Нұрмаханбетов Айдар
• Бапкер: Муслимхан Еркебұлан
4 орын – Желқара (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Орынбасар Нұрым
• Ат иесі: Ахилбаев Ержан
• Бапкер: Төлекеев Арнат
5 орын – Торыдауыл (Жамбыл облысы)
• Шабандоз: Манасбек Нұрхат
• Ат иесі: Сұлтанбеков Орынбасар
• Бапкер: Қалық Мұхамед