Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Нұрқожа Қайпанов өзіне сыйға берілген 20 жылқыны неліктен сатқанын айтты

Редактор
23.04.2025, 11:16

Амманда күрес түрлерінен өткен құрлық біріншілігінде Нұрқожа Азия чемпионы атанған

Видеодан кадр

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов өзіне тарту етілген 20 жылқыны сатып, ақшасын кімге бергенін айтты. Журналист Ақырыс Сейітқазымен әңгіме барысында ол Ақтөбе қаласында өзіне жасалған құрмет туралы баяндады.

«Былтыр әлем чемпион атанғаннан кейін маған Ақтөбеде 20 бас жылқы сыйлады. Бірден жинап, алдыма салып берді. Олардың барлығын сатып жібердім. Менің жеңісімнің артында көптеген адамның еңбегі бар. Сол адамдарға бөліп бердім. Қандай сыйлық, мемлекеттен берілетін сыйақының барлығын бапкерлеріммен бөлісемін. Себебі олардың ерен еңбегі бар. Дәрігер, массаж жасаушы, көмек қолын созған жандар бар. Олардың әрқайсына беруім керек. Себебі, онсыз болмайды. Спортта сенің дайындалуына, күресуіне олардың сіңірген еңбегі ерен. Қалған көрінбейтін жұмыстардың барлығын солар атқарады», - деді ол.

Өткен жылы 70 келіде белдесіп, наурыз айында өткен Азия чемпионатында 74 келіде сынға түскен балуан салмақ мәселесіне қатысты ойын айтты. Құрама бапкерлері құрлық додасына баратын балуандарды іріктеу туралы айтқан. Алайда келісім бойынша, Нұрқожа баратыны белгілі болған.

«Азия чемпионатының алдында 74 келіде қосымша белдесулер болатыны айтылды. Алайда ол өтпеді.  Әлібек деген балуан «барамын десең, жолымды беремін» деді. Сөйтіп, жолын берді. Чемпион болып келген соң құттықтады. Біздің құраманың балуандары арасында көзбояушылық жоқ. Достық, бауырмашылық жағы жақсы қалыптасқан. Жарыс алдында ол екеуіміз кездесіп, келістік. Ол қарсылығын білдірген жоқ. Сөйлесе келе, Амманға аттандым. Жеңіспен оралдым», - деді Қайпанов.

Естеріңізде болса, наурыз айының 25-30 күндері Амманда күрес түрлерінен өткен құрлық біріншілігінде Нұрқожа Азия чемпионы атанған болатын. Бұл сында еліміздің балуандары 2 алтын медаль ғана иеленді. Оның бірі әйелдер күресінен сынға түскен Жәмила Бақбергеноваға тиесілі.

Жарнама
Жарнама