Ғалия Тынбаева Бангкоктағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Редактор
25.04.2025, 15:06

Дзюдошы жартылай финалда жапон спортшысына жол берді

Спортты дамыту дирекциясы

Таиланд астанасы Бангкокта басталған дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Ғалия Тынбаева (-48 кг) қола медаль үшін белдесуде Токио Олимпиадасының қатысушысы Линь Чэнь-Хаоны (Тайпей) жеңді.

Айта кетейік, Тынбаева биылғы чемпионатты 2-айналымнан бастап, Вьетнам және Таиланд дзюдошысын жықты. Ал жартылай финалда жапон спортшысына жол берді.

Алда әлі 3 отандасымыз - Шерзод Давлатов, Нұрәділ Әлжан мен Ержан Еренқайыпов қола жүлдеге таласады.