Азияның 30 елінен 295 спортшысы бақ сынап жатыр
Таиландта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының үш дзюдошысы жартылай финалға шықты.
Алғашқы болып 60 келіде татамиге шыққан Шерзод Давлатов тәжікстандық Мұхаммедсалех Куватовқа еш мүмкіндік бермей жеңіске жетті. Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева таиландтық қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алып отыр.
Ал 60 келіде Нұрәділ Әлжан ширек финалда тәжірибелі кәріс палуаны, әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Ли Ха Римнен айласын асырды. Белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, отандасымыз қосымша уақытта әдісін нәтижелі түрде жүзеге асырды.
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан құрлық чемпионатына Азияның 30 елінен 295 спортшысы қатысып жатыр. Оның ішінде 168 спортшы ерлер санатында, 127 татами шебері әйелдер бәсекесінде белдеседі.