Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық бірнеше спортшы допинг ережесін өрескел бұзған

Редактор
29.04.2025, 11:16

Олардың қатарында дзюдошы Ерлан Қоңқиев те бар

ҰОК

Қазақстанда допингке қарсы талаптардың күшейтілуі аясында бірқатар спортшылар ресми жарыстардан уақытша шеттетілгені белгілі болды. Бұл туралы елдің Допингке қарсы ұлттық агенттігі хабарлады.

Олардың қатарында Ханчжоуда өткен Паразиада ойындарының жүлдегері, дзюдошы Ерлан Қоңқиев те бары айтылды. Агенттік мәліметінше, Қоңқиев өз мекенжайын уақытылы хабарламай, допинг сынамаларын тапсыру мерзімдерін бірнеше рет бұзған көрінеді. Осыған байланысты ол биылғы 1 ақпаннан бастап 2027 жылдың 1 ақпанына дейін барлық ресми жарыстардан шеттетіліп отыр.

Допингке қарсы агенттік өзге спортшыларға қатысты да тәртіптік шешімдер қабылдады.

Шара қолданылған спортшылар арасында ауыр атлет Бекболат Қалиұлының қанынан метандиенон анықталып, ол 4 жылға спорттан шеттетілді. Зілтемірші Аслан Бұрқанов тестостерон қолданғаны үшін 3 жылға, грэпплинг шебері Самат Әйтпанбет те ережелерді бұзғаны үшін 3 жыл бойы халықаралық және ұлттық деңгейдегі турнирлерге қатыса алмайды.

Бұл шаралар Қазақстандағы спорт саласындағы тазалықты, әділетті бәсекені қамтамасыз ету және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу мақсатында қабылданған. Допингке қарсы агенттік барлық спортшыларға ережелерді қатаң сақтауға шақырып отыр.

Жарнама
Жарнама

Материалда: