Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Фрэнсис Нганну бойжеткенді қағып өлтірді: БАҚ тың дерек таратты

Редактор
29.04.2025, 11:27

Нганну басқарған мотоцикл жас қыз отырған көлікпен соқтығысқан

Instagram/francisngannou

Professional Fighters League турнирінің жеңімпазы әрі UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну мотоциклімен жол апатына ұшырады. Бұл оқиға салдарынан 17 жастағы қыз қаза тапты.

Essentialsports басылымының жазуынша, қайғылы жағдай Камерун астанасы Яундеде шамамен 10 күн бұрын болған, алайда ол жайлы ақпарат енді ғана жарияланып отыр.

Кейбір деректер бойынша, Нганну басқарған мотоцикл жас қыз отырған көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан соң спортшы зардап шеккен қызды дереу ауруханаға жеткізіп, барлық медициналық шығындарды өтеп бергенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Басқа бір деректерде Нцамма Бригитте Мануэлла есімді бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғанда, Нганну мотоциклімен оны қағып кеткені туралы жазылған. Жол апаты 19 сәуір күні Камерун мегаполисіндегі Omnisports ауданында болған.

Оқиға кезінде Нганну жылдамдықты асырды ма, әлде қыздың өзі ереже бұзды ма, бұл жағы әлі нақты анықталған жоқ. Әзірге спортшының өзі де, полиция да ресми түсініктеме бермеді.

Жарнама
Жарнама

Материалда: