Абиба Әбужақынова Душанбе Grand Slam турнирінде күреседі

29.04.2025, 16:25

Жыл басынан бері Абиба үш турнирде жүлде олжалады

Қазақстан дзюдо федерациясы

Мамырдың 1-3 күндері Тәжікстан астанасы Душанбеде Grand Slam турнирі өтеді. Аталған сында еліміздің ұлттық құрамасы сапында сегіз дзюдошы күреседі.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметі бойынша Қазақстан әйелдер құрамасынан тек Абиба Әбужақынова ғана жарысқа қатысады.

Қазақстан құрамасының тізімі мынадай:

  • Әбиба Әбужақынова (48 келі)
  • Алдияр Қарағұлов (60 келі)
  • Нұрмұхаммет Ботабай (66 келі)
  • Ықылас Әлсейіт (73 келі)
  • Аңсарбек Ғайнуллин (81 келі)
  • Досхан Жолжақынов (81 келі)
  • Ермұхан Естай (100 келі)
  • Мұхаммедәли Мавлидов (100 келі)

Душанбедеге маңызды турнирге барлығы 200-ден астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кететін жайт, ұлттық құрама дзюдошылары жыл басынан бері бірнеше Grand Slam турнирінде күресіп, 2 қола медаль иеленді. Сондай-ақ, Лицнте өткен Гран При турнирінде Абиба Әбужақынова чемпион атанды.