Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді

Редактор
29.04.2025, 21:49

Спортшы ұлының әкесіз өсіп жатқанына қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желі

Қазақстанның ең сұлу волейболшы қыздарының бірі саналатын Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында оқырмандары жолдаған қызықты сұрақтарға жауап берді.

Оқырмандардың бірі 28 жастағы спортшыдан жарыстарға қатысқанда жалғыз ұлының кіммен қалатынын сұраған.

«Сұрағыңызға рахмет. Ұлым әрдайым менімен бірге жүреді. Мен жарысқа кеткенде, оған менің анам қарайды. Яғни шетелге шыққанда әрдайым өзіммен бірге ұлымды, анамды және туған сіңлімді алып жүремін», – деп жауап берді Сабина Stories-те.

Тағы бір жазылушы Сабинадан ұлының әкесіз өсіп жатқанына қалай қарайтынын сұраған.

«Ұлымның әкесі оған толыққанды көңіл бөледі. Олардың арасында ерекше байланыс бар, сондықтан ол ешқандай айырмашылықты сезген жоқ», – деді спортшы.

Сондай-ақ волейболшыдан қазір қай жерде тұратынын да сұраған.

«Өзім Ақтөбе қаласынанмын. Қазіргі таңда Астанада тұрамын. Волейбол маусымы басталысымен шетелге кетемін», – деп жазды ол.

Ал «сүйіктіңіз бар ма?» деген сұраққа Сабина қысқа ғана: «Жоқ», – деп жауап берді.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова биылғы 12 наурызда ресми түрде ажырасқанын жариялады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: