Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жайыққа батып кеткен дзюдошы табылмай жатыр

Редактор
07.05.2025, 13:10

Досымен бірге моторлы қайыққа мінген 17 жастағы Әлішер Көжек өзенге құлап кеткен

Видеодан кадр

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Атырау облысынң Еркінқала ықшамауданы маңында болған. Досымен бірге моторлы қайықпен өзенді жағалап келе жатқан 17 жастағы Әлішер Көжек бұрылыста қайықтан оқыстан құлап, сол күйі су бетіне шықпаған. Жанындағы жігіт ұстап қалуға тырысқанымен, өкінішке қарай, құтқара алмаған. Ағыс қатты болып, таппай қалған.

ТЖД-ға Жайық өзеніне ер адамның суға батып кеткені туралы қоңырау 3 мамыр күні сағат 17:25-те түскен.  Шақырту түскен сәттен бастап, Атырау облысы ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел жеткенімен, әлі күнге дейін іздеу-құтқару жұмыстары нәтиже бермей жатыр.

ТЖД мәліметінше, күн сайын 12 құтқарушыдан кем емес, 4 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылуда.

«Сонымен қатар, ПД қызметкерлері және кемесі тартылды. Іздестіру жұмыстары су астына сүңгу, акваторияға көзбен шолу және өзен түбін тралдау арқылы жүргізілуде (бүгінгі күнге дейін шамамен 2 шақырым аумақта жұмыстар жүргізілді). Ағыстың қатты болуы, су астында көріну деңгейінің өте төмен болуы және су астындағы бөгде заттардың кездесуі іздестіру жұмыстары кезінде қиындық туғызып жатыр. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», - делінген мәліметте.

Жайыққа құлап жоғалған Әлішер Көжек дзюдодан спорт шеберіне үміткер екен.

Жарнама
Жарнама

Материалда: