Гэридің Лос-Анджелестегі үйі өртеніп, барлық медальдары мен естеліктері жойылып кеткен
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) аты аңызға айналған америкалық жүзгіш кіші Гэри Холға Gary Hall Jr.) жойылып кеткен 10 олимпиада медалін қайта жасап берді. Жаңа көшірмелерін ресми түрде Лозаннада табыстады.
Гэридің Лос-Анджелестегі үйі өртеніп, барлық медальдары мен естеліктері жойылып кеткеннен кейін ХОК осындай қадамға барған.
Кіші Гэри Холл АҚШ құрамасының ең танымал спортшыларының бірі. Ол 1996, 2000 және 2004 жылдардағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, барлығы 10 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 5 алтын медаль (50 метр және 100 метрге еркін жүзу стилінде), 3 күміс және 2 қола медаль бар.
Лос-Анджелестегі жойқын өрт салдарынан оның барлық медальдары мен спорттық реликвиялары күлге айналған еді. Бұл мәселе ХОК назарынан тыс қалмай, комитет президенті Томас Бах арнайы мәлімдеме жасаған еді. Кейін ол оқиғаны «ерекше жағдай» деп бағалап, Гэри Холлдың Олимпиада мұрасын қалпына келтіруге көмек қолын созатындығын айтқан.
«Біз спортшылардың қажырлы еңбегі мен Олимпиададағы жетістіктерін ұмытпауымыз керек. Бұл медальдар – тек металл емес, тарих пен құрмет белгісі», - деді Бах.