Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық 4 дзюдошы Астана Гранд Слэмінің жартылай финалына шықты

09.05.2025, 14:39

Қалған сегізі жеңіліп қалды

Қазақстан дзюдо федерациясы

Астанада бүгін басталған Гранд Слэм турнирінде Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты. Тағы сегіз дзюдошы жеңіліп қалған. Біреуі жұбаныш белдесуінде бағын сынайды.

60 келіде сынға түсіп жатқан Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан және 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев іріктеу кезеңдерін сәтті өткізді. 

Енді финал жолдамасын Талғат Орынбасар мен Аман Бақытжан өзара сарапқа салса, Мағжан IJF өкілі Изнаур Сааевпен белдеседі. 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қытай балуаны Чэньсюэ Цзиянмен күреседі.

Бүгін 60 келіде Дәурен Сүйкенов бірінші айналымда оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңіліп, жүлдесіз қалды. Сонымен қатар, 66 келіде Бауыржан Нарбаев ширек финалға дейін жеткен еді. Алайда жартылай финалға шығар сында моңғол балуаны Унурбат Жанцандорждан жеңілді. Енді Нарбаев жұбаныш белдесуін өзбекстандық балуанға қарсы өткізеді.

Әйелдер арасында 48 келіде белдескен Диана Буркеев алғашқы кездесуінде француз спортшысы Фраурдиалес Манонға есе жіберді. 52 келіде Құндыз Жайықбай алғашқы айналымда өзбекстандық қарсыласынан басым түскенімен, екінші кезеңде неміс спортшысынан осал болып шықты. Сондай-ақ, осы салмақта татамиге шыққан Айшабибі Мурадимова бірінші кездесуінде польшалық Кинга Климчактан айласын асыра алмады. 57 келіде Дина Мұханбет те жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Ол алғашқы кездесуінде германиялық балуанға жол берді. 

9-11 мамыр күндері өтетін Астана Гранд Слэмінде Қазақстан құрамасынан 40 дзюдошысы қатысатыны айтылған болатын. Елуге жуық елден 400-ден астам дзюдошы сынға түсетін жауапты турнирде жүлдегер 500-1000 аралығында рейтингтік ұпай иеленеді.

Жарнама
Жарнама